АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 23-24 мамыр күндері аралығында «Bolashaq» сарайында және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде колледж кітапханашыларына арналған «КitapSHakhary – 2024» тақырыбындағы республикалық семинары өткізілуде. Ауқымды семинарға Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қызметкерлері, Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханашылары қатысып жатыр. Республика көлеміндегі семинар қатысушылары Қазақстан баспалары көрмелерімен танысып, тәжірибе алмасуда. Семинардың ашылу салтанатында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич Алғы сөз сөйлеп, кітапханашыларға кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екендігін баса айтып, іс-шараның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы әлемдік өркениетте кітапхананың алатын орны биік екенін, кітапхананың студенттердің ғылыми және шығармашылық жұмыстармен айналысуына аса ықпал ететіндігін баса айтса, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Сайдембаева Алия Шуратовна оқырмандар үшін білімнің барлық саласы бойынша қазақстандық басылымдарға қолжетімділік берілгенін айқындады. Семинардың пленарлық кезеңіне ҚР ОАМ өкілдері, Облыстық Білім басқармаларының, Оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдері, ҚР баспалары қызметкерлері, РҒПК қызметкерлері, ҚР колледждерінің кітапханашылары, Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қызметкерлері қатысты. ҚР ОАМ РҒПК директоры Сайдембаева Алия Шуратовна колледж кітапханаларының қорын толықтыру жайында сөз қозғады. Сонымен қатар Қаскелең мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мукашева Шынар Батырхановна кітап оқу арқылы трансформациялану: «Парасатты оқырман» жобасы бойынша тәжірибе таратты. Іс-шара «Көкшетау – Сарыарқаның ән өлкесі» колледж өнер ұжымдарының шығармашылық концертіне ұласты. Келесі кезең «Колледж кітапханаларының қорын көркем әдебиеттермен және мамандықтарға байланысты әдебиеттермен толықтыру» тақырыбындағы баспалар өнімдерінің таныстырылымымен жалғасты. Онда Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхана мен Вilim alu jane quzirettilik kampusyna саяхат жасалып, «Көкжиек-Горизонт», Оксфорд университеті, «Фолиант», «Алматыкітап», «Абай», «InterPress Distribution», «Аlash Book», «Отбасы хрестоматиясы», «Келешек-2030», «ЛАНТАР books», «Астана-кітап», «Арман-ПВ», «Shugylakitap», «ЭВЕРО» баспаларының және физика оқулықтарының авторы Закирова Назифа Анваровнаның көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапханаларды цифрландыру бағыты бойынша «Koral Group» компаниясының да жұмыстары ұсынылды.