АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 24 мамырында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жанындағы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум болып өтті.
Семинар-практикумның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісін даярлаудағы өзекті проблемаларды анықтау және шешу жолдарын қарастыру; Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру бағдарламасының мазмұнын талқылау, арнайы пәндерді оқыту әдістемелерінің мазмұны бойынша қандай өзгерістер енгізу қажеттілігін анықтау.
Семинар-практикум директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Тілек Батырханқызы Сәбитованың алғы сөзімен ашылды.
Семинар-практикумның теориялық бөлімінде Тіл дамыту әдістемесі пәнінің жоғары санатты оқытушысы Айгүл Тоқтауылқызы Смаилова «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісін даярлауда мамандыққа бейімделудегі кедергілер», № 10 «Алтын бала» балабақшасының әдіскері Ақжанова Айна Рахымжанқызы «Мектепке дейінгі ұйымдардың бағдарламасының мазмұнын талқыдау және соған сәйкес арнайы пәндер оқыту әдістемелерінің мазмұнына толықтырулар мен өзгерістер енгізу», №1 «Арман» балабақшасының әдіскері Бекбосарова Айнагүл Хамитқызы «Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу қызметін ұйымдастырып өткізу ерекшеліктері», Мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Сағира Абзалқызы Әмірова «Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдірудің мүмкіндіктері» тақырыптарында баяндама оқыды.
Семинар-практикумның практикалық бөлімінде № 12 «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі Сейдалина Айгерім Сайлаубайқызы «В.В.Воскобовичтің ертегі лабиринттер» ойындары, МД-41 тобының студенті Нұрмұқанова Айнаш «Ф.Фребельдің дидактикалық ойын материалдарын қолданудың тиімділігі», МД-32 ҚБ тобының студенті Кравченко Анастасия «В.Кайе технологиясын мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану ерекшеліктері» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар-практикум соңында республикалық оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері Тойындық Молдағалиқызы Жоламанова «Ой тазарту» әдісі арқылы рефлексия жүргізді.