Текст
Абайдың 175 жылдығына орай Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Екі жұлдыз» онлайн-байқауына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі атынан музыка пәнінің оқытушысы Абдрахманова Салтанат Таубайқызы мен мектеп бүлдіршіні Ғабдұлманап Меруерт қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Айналайын ақ мамам» әнімен көрермен ықыласына бөленіп, ән орындау шеберлігімен тәнті еткен вокалдық дуэтке алдағы уақытта өнерлерің өрге жүзе берсін демекпіз!