Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 4 курс студенттері қала мектептерінде байқау практикасынан өтіп жатыр. Олар – «Бастауыш білім беру», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Информатика», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтарының студенттері. Болашақ ұстаздар өз білімдерін практика тұрғысынан жетілдіру үстінде. Оларға әр мектептің мұғалімдері әдістемелік көмек көрсетіп отыр. Бұл – теория мен практиканы ұштастырудағы үлкен мүмкіндік. Ол арқылы олар қарым-қабілеттерін одан әрі шыңдай түседі.