АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 17 сәуірінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Aqmola – 2024» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенті IV курс студенті Қиззат Райхан Мұратқызы білім жарысына қатысуда. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша келесі модульдерде тапсырмалар орындайды:
A модулі. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу» (Кіріктірілген) ActivInspire, LearningApps, Smart Learning Suite бағдарламаларын қолдану арқылы
«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Айналадағы дүниемен танысу» бойынша үлкен топ балалары үшін (5-6 жас) ұйымдастырылған оқу қызметін әзірлеу, «Таным», «Әлеумет» білім беру салалары;
B модулі. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу».
Тапсырма: Балалардың кіші тобымен ұйымдастырылған оқу қызметін әзірлеу және жүргізу («Коммуникация» білім беру саласы: АКТ жабдықтарында дидактикалық ойынды қоса отырып, сөйлеуді дамыту);
C модулі. «Білім беру ұйымының ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) және қызметкерлерімен өзара әрекеттесу».
Тапсырма: Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін ақпараттық-демонстрациялық стендті рәсімдеу тапсырмаларын орындайды.
D модулі. «Денсаулық» білім беру саласы.
Тапсырма: Мектеп жасына дейінгі балалармен таңертеңгілік гимнастиканы әзірлеу және өткізу.
Қатысушымызға чемпионатта сәттілік тілейміз!