Текст
2024 жылдың 28 ақпан күні Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Public talk «Жетістікке апарар жол» cеминар-тренингіне Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Информатика», «Ағылшын» бөлімдері және «Логопедия» мамандығы студенттері қатысты. Мақсаты – әлеуметтік желілерде ақпараттық саясатты дұрыс жүргізу және заман талабына сай контент жасау және жаһандық бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру. Аталмыш іс-шараны мобилография маманы Мақсат Хабатай және жасөспірімдерге арналған «Founderschool» көшбасшылық мектебінің басшысы Динара Ильясова өткізді. Қатысушы студенттерге арнайы сертификаттар табыс етілді.