АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 28 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында педагог-зерттеуші М.Қ.Жабагинованың орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «С.Назарова. Мой зеленоглазый аруах» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Сабақ мақсатына жетуде топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, онлайн тест, «Персонаж на стене» стратегиясы, Сократтың сұрақ-жауап стратегиясы, «Одноминутное эссе» стратегиясы, mentimeter платформасында онлайн сауалнама, әр тапсырмадан соң кері байланыс, сабақ соңында рефлексиялық жұмыс пен бағалау жүргізілді. Өз ойларын логикалық түрде жүйелі жеткізе білген топ студенттері, әңгіме фрагменттерінің тақырыбы мен мәселелерін, авторлық позицияны анықтай алды. Сонымен қатар үзіндінің идеялық мазмұнын тұжырымдап, жазу кезінде орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтауға дағдыланды.