22.02.2024
2024 жылдың 20 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен өңір орталығындағы «Арман» бөбекжайында «М.Монтессори дидактикалық материалдарын мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы ғылыми ізденістің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес М.Монтессоридің сенсорика аймағына жататын «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарын тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-практикум өтті. Негізгі мақсат – студенттермен тәрбиешілерге сенсорика аймағына жататын «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарын 2-3 жастан бастап тиімді қолдану арқылы баланың бастапқы математикалық түсініктерін қалыптастыру, көріп қабылдауды дамыту арқылы негізгі сенсорлық базаны қалыптастыру. Іс-шараға «Арман» бөбекжайының әдіскері Бекбасарова А.Х, Козубаева А.Е., Алгужина Г.А., Нуркеева А.С. және логопед, дефектолог, психолог мамандары мен тәрбиешілері қатысты. Семинар-практикум 3 бөлімнен тұрды. І теориялық бөлімде Монтессори педагог Әмірова С.А. «Баланы ерте жастан дамытудың маңыздылығы», Ахметова А. « М. Монтессоридің өмірі мен педагогикалық қызметі» туралы баяндама оқыды. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімнің ІІІ курс студенттері, «М.Монтессори технологиясы» элективті курс мүшелері Берген Тамаша, Тулетай Наргиз, Онербек Назерке «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарының мақсаты, міндеті, мазмұнымен таныстырып өтті. ІІ практикалық бөлімде №15 «Көжек» тобының тәрбиешісі Монтессори педагог Галимова Бекзат мектепалды даярлық тобының өз тәрбиеленушілері Азаматқызы Аделя, Ерсаин Жанали, Өміржан Зеремен бірге жеке және ұжымдық жұмыс түрлерінде «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдарын қалай қолдануға болатынын көрсетті. ІІІ практикалық бөлімде бөбекжай тәрбиешілерінің өздері жеке және топтық жұмыс түрлері арқылы «Қоңыр баспалдақ», «Қызғылт мұнара», «Қызыл зілтемір» дидактикалық материалдардан жеке-жеке және үшеуін бірге қолданып, әртүрлі пішіндегі құрастыру жұмыс түрлерін жасады. Семинар соңында бөбекжай әдіскері мен тәрбиешілері Мендыбаева С.Т., Нугуманова А.А., Шарапиева А.К., Жумажанова А.О., Айтбатырова Г.Н., Жапеш А.А., Кокенова М.К., Серикова М.С. өз ой-пікірлерімен бөлісті.