АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасымен колледжіміздің оқытушысы Қ.Мукушева, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Б.Жамекова, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Н.Омарова, Семей қаласы, №47 мектеп оқытушысы Б.Тоқжановалардың авторлығымен 0111053 «Өзін-өзі тану мұғалімі» біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі білім жүйесі үшін өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы әзірленді. Зерттеу, талдау жұмыстары мен практиканы ұштастырған тағылымы мол еңбек екі тілде жазылды. Оқу құралы рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу үрдісінде интеграциялау жолдарын жүзеге асыру бойынша практикалық қызметті жүргізетін білім беру ұйымдарының педагогтеріне, педагогикалық университет пен колледж студенттеріне көмекші құрал ретінде жазылған. Сонымен қатар, өз бетімен оқу негізінде өздерінің кәсіби білімін арттырып, тәжірибеде қолдану үшін теориялық білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Оқу құралының жастарға беретін тәлім-тәрбиесі мол, ізгілікке, имандылыққа, жақсылыққа шақырар құнды дүние боларына, оқырманның кітап сөресіндегі сүйікті кітабына, оқытушылар қауымы үшін құнды нұсқаулық боларына сенім білдіре отырып, колледж оқытушысы Мукушева Қаракөз Серікқызын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек жолында еткен ерең еңбектеріңіз елене берсін демекпіз!