«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ – 2021»
28.05.2021
2021 жылдың 24 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жайдарлы жаз – 2021» тәлімгерлерге нұсқау беру онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, әдіскер Ш.Жұматаева, психолог А.Шарипова, медбике А.Сейтбекова, әдіскерлер Г.Амиржанова, Б.Секенова, А.Көке қатысты. Тәлімгерлерге нұсқау беру орталығының мақсаты: студенттерді қашықтықтан оқыту жүйесінің мүмкіндіктері арқылы жаз айларында жазғы сауықтыру лагерьлерінде өтетін практикаға дайындау. ІІІ курс студенттерінің жалпы саны - 249. Ашылу салтанатында тәлімгерлер өз топтарының аты, ұраны, эмблемасын презентация арқылы таныстырды. «Жайдарлы жаз – 2021» тәлімгерлерге нұсқау беру орталығының жоспарына сәйкес 24.05-29.05.2021 ж. аралығында әдіскерлер, тәлімгерлер студенттерге онлайн форматында әдістемелік бағыт-бағдар, нұсқаулар беріп отырады.


