АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

16.02.2024

2024 жылдың 16 ақпанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Ө.Ш.Төлегеннің зейнеткерлікке шығуына орай «Қазіргі білім беру парадигмасындағы педагогика және математикалық сауаттылық сабақтастығы» атты облыстық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтіп жатыр. Негізгі мақсат – рационалдық және технократтық парадигма арқылы педагогика мен математикалық сауаттылық сабақтастығын жүзеге асырудың алгоритімін анықтау. Ғылыми-әдістемелік конференцияға облыстық білім басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтері, педагогикалық-гуманитарлық колледж оқытушылары, әдіскерлер, жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері және студенттер қатысуда. Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының «Білім жолындағы ғұмыр» педагогикалық вернисажы қойылған. Ғылыми-әдістемелік конференция мазмұны пленарлық отырыс пен секциялық отырыстарда жүзеге асырылады. «Қазіргі білім беру парадигмасындағы педагогика және математикалық сауаттылық сабақтастығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы І секцияда модератор, колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы қатысушыларды отырыстың мазмұнымен таныстырып өтті. Кейін «ҰСТАЗ ҒҰМЫР» тақырыбындағы бейнефильм көрсетілді. Көкшетау қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің математика мұғалімі Назибек Мейіржан Еркінбекұлы «Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті», Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Неғметжан Айнұр Ануарбекқызы «Жаңа заман талабы – сауаттылық», Ақмола облысының Біржан сал ауданына қарасты  Еңбекшілдер ауылының жалпы білім беретін мектебінің математика мұғалімі Тлекенова Аяулым Әділбекқызы «Математикалық сауаттылықты арттырудағы цифрлық көмекші құралдар», Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Жаңаталап бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кожениазова Ботагоз Салимжановна «Бастауыш сыныптың математика пәнінде инновациялық технологияларды қолдану», Көкшетау қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің математика және физика пәні мұғалімі Кенчимбаева Кенже Мырзахметқызы «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы», «Бастауыш мектеп» бөліміің ІІ курс студенті Ерденова Ділназ «Бастауыш сыныптарда қызықты тапсырмалар мен дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі» және «Бастауыш мектеп» бөлімінің меңгерушісі Қабдуәли Ұлан Балғабайұлы «Сандық технологияларды мектеп пәндеріне қолданудың тиімділігі» тақырыптарында баяндама қорғап, өзекті мәселелерді сарапқа салды. Ал «Бастауыш сыныптарда математиканы инновациялық технологиялар арқылы оқыту жолдары» тақырыбындағы ІІ секция барысында модератор, колледж директорының республикалық оқу-әдістемелік орталығының орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы отырыстың мазмұнымен қатысушыларды таныстырып өтті. Ақмола облысының Біржан сал ауданына қарасты Еңбекшілдер ауылының жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамитова Кымбат Нургалиевна «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Басымова Милана Ерболовна «Математика пәнін оқытуда қолданатын тиімді инновациялық технологиялар», Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нугаева Татьяна Викторовна «Пути преподавания математики в начальной школе с использованием инновационных технологий», Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектепгимназиясының бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Ахметбекова Алмагуль Айтмуханбетовна «Бастауыш білім беру саласында математика сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі», Көкшетау қаласының №15 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Турленова Жадыра Дидаровна «Цифрлық платформаларды математика сабағында қолданудың тиімділігі», әл-Фараби атындағы IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ауенова Гульмира Зинулловна «1-сынып оқушыларына есеп шығаруды үйретудің тиімді тәсілдері» және Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уалиева Гульнар Мейрамбековна «Геймификация элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білімді өздігінен игеру дағдыларын қалыптастырудың инновациялық тәсілдері» тақырыптарында баяндама оқып, талқылау жүргізді. Айта кету керек, ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар беріледі.

Просмотров: 465


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст