Ағымдағы жылдың 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қалалық «Сұңқар» Универсиадасы бағдарламасы аясында ұлдар командалары арасында волейболдан жарыс өтті. Спартакиада мақсаты: Көкшетау қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында командалық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларын насихаттау, жастарды спорт түрлерімен шұғылдануға тарту, спортшылардың достығын нығайту және волейболдан үздік спортшыларды анықтау. Екі күнге созылған спорттық додаға 8 команда қатысып, нәтижесінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі I орын, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі II орын, «Арна» Көкшетау жоғары колледжі III орынды иеленді. Колледж командасын жеңісімен құттықтаймыз!