30.01.2024
Озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Т.Е.Жабагиннің «Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері» тақырыбындағы үлгі сабағы №2 Студенттер үйінде жабдықталып, жаңадан ашылған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» дәрісханасында өтті. Үлгі сабақ барысында интербелсенді әдістер, жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері тиімді қолданылды. Білім алушылар теориялық білімді практикалық тапсырмалар орындау арқылы дағдыға айналдыра алды. Атап айтсақ, «Еgov.kz» Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат порталымен жұмыс, жүргізуші куәліктерінің санаттары мен кіші санаттары туралы ақпараттарды меңгеру үшін топтық жұмыстар өткізілді.
Қалалық семинардан алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні педагогтері мен колледж оқытушылары үлгі сабаққа оң пікір білдіріп, тәжірибе алмасты.