30.01.2024
2024 жылдың 26 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қалалық алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні педагогтарының нұсқаулық-әдістемелік семинары өтті. Бағдарламаға сәйкес әдістемелік семинарда Көкшетау қаласы, Бас штаб бастығының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, подполковник Байкенов Райымбек және 3 дәрежелі сержант Мустафин Нурлан саптық қарау ұйымдастырып, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушысы Жабагин Тілектес Есенжолұлы «Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері» тақырыбындағы үлгі сабақ өткізді. Қатысушылар колледждің материалдық базасымен танысып, семинар барысында толғандырып жүрген сұрақтарды ортаға салып, талқылау жүргізді.