АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Студенттік тайм-менеджмент. Уақытты басқару, тарату және жеңу» тақырыбындағы іскерлік ойын

30.11.2023
2023 жылдың  29 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Студенттік тайм-менеджмент. Уақытты басқару, тарату және жеңу» тақырыбында "Логопедия" бөлімінің ІІІ және ІV курс студенттерінің ұйымдастыруымен іскерлік ойын өтті.
Мақсаты: студенттерге тайм-менеджмент ұғымымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, принциптерімен және өз уақытын тиімді  жоспарлай білудің маңыздылығын түсіндіру. Ұйымдастырылған іскерлік ойынға "Мектепке дейінгі" және "Логопедия" бөлімінің студенттері мен І курстың топ жетекшілері қатысты. 
Іскерлік ойын барысында студенттер  4 топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды бірлесе отырып орындады.  
Іс-шара барысында тайм менеджменттің даму кезеңдеріне сипаттама берді. Қазіргі кезде уақытты тиімді пайдалану туралы ақыл кеңестер мен әдістерін ұсынды. Студенттік өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды  қысқа сахналық қойылым ретінде көсете отырып, өз  пікірлерін білдірді Уақытқа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін шешті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылды.
Іс- шара соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы, "Мектепе дейінгі" және "Логопедия" бөлімінің меңгерушісі Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы өз ойларымен бөлісті.
Л-31ҚБ тобының жетекшісі Әмірова Сағира Абзалқызы
Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст