АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 29 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жас маман, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Каирова Қуаныш Рысбекқызы мен тәлімгер Сағындық Айжан Жеңісбекқызы практикалық грамматика пәнінен «Conditional Sentences Review» тақырыбында кіріктірілген дуэт сабақ өткізді. Сабақ барысында әдістер жүйелілік принципімен сараланып қолданылды. Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда мультимедиалық технологиялар (wordwall, flippity, jamboard тақтасы) білім алушылардың өздігінен білім алуы үшін тиімді пайдаланылды. Сабақтың барлық кезеңінде кері байланыс құралдары, рефлексиялық бағалау әрекеті, ұтымды бөлінген сабақ уақыты мен цифрлық ресурстар мақсатқа сай үйлестірілді. «Жас маман және тәлімгер: педагогикалық ізденістер мен жаңашыл көзқарастар» кіріктірілген дуэт сабақтар жоспарына сәйкес жас маман Д.С.Агзамова мен тәлімгер С.Т.Абдрахманова музыка теориясы пәнінен «Ре мажор тональнісі» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Сабақ барысында коучинг әдісі, learningapps бағдарламасы, аспаптың сүйемелдеуімен ре мажор тональдігін бекіту, есту анализі тиімді жүргізілді. 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында жоспарланған «Жас маман және тәлімгер: педагогикалық ізденістер мен жаңашыл көзқарастар» кіріктірілген дуэт сабақтар циклінің кестесіне сай ырғақ пәнінің оқытушысы, жас маман Инкирбаева Камилла Ришатовна мен тәлімгері Тюлебаева Хазина Михайловна «Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру» модулі бойынша «Қазақ би өнерінің ХХ ғасырдағы қалыптасуы. Қазақстанның би өнерінің түр ерекшеліктері» тақырыбында кіріктірілген дуэт сабақ өткізді. Қазақ биін және оны орындау ерекшеліктерін зерттеу мақсатында білім алушылар қазақ биінің қимылдарын біліп, танысты. Сонымен қатар қазақ би қимылдарын түрлеріне қарай дұрыс жасауға және орындауға дағдыланды. Сабақ барысында мультимедиалық технологиялар (learningapps, видео-дәріс материалдары) тиімді қолданылды. Практикалық тапсырмаларды орындауда студенттермен жеке әрі топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Тәлімгер Тюлебаева Хазина Михайловна сүйемелдеуші ретінде этюдтар ойнап, жас маман Камилла Ришатовна әр қимылдың ырғаққа сай болуын қадағалады.