АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 28 қараша күні Маңғыстау облысының білім басқармасы жанындағы Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік online конференция өтті. Конференцияда заманауи білім берудің құндылықтық бағыттары, инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері жан-жақты талқыланып, білім берудегі құндылықтар, позитивті ата-ана мәдениетін дамытудың өзектілігі, тәрбие парадигмасы: құндылықтар мен оны жүзеге асыру механизмі, білім беру жүйесін цифрландырудың тиімділігі туралы оқу орындары зерттеу-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Қолданбалы және академиялық бакалавриат білім беру бағдарламаларын құрудағы сабақтастық» тақырыбында баяндама оқыды. Тәжірибе алмасуға бағытталған конференцияға Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Кәсіптік білім беру мазмұнын трансформациялау зертханасының, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының және білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.