АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың жылдың 3 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Баланың мектептегі алғашқы күндері» және «Мектептегі байқау практикасы» атты практика түрлерінің қорытынды конференциясы өтті. «Болашақ кепілі – құзырлы маман қолында» тақырыбында өткізілген онлайн конференцияға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Мұқышева Қ.С, бөлім меңгерушісі Лекер Т.Н., колледж әдіскерлері Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы мен Бегалин Болат Жанайдарұлы, әдістемелік пәндерден беретін оқытушылар және БМ-31 тобының студенттері қатысты.
Конференция барысында аталған практикалар негізінде игерген білім, білік, дағдылары бойынша студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, Егинбаева Жансая, Кабышева Мадина «Баланың мектептегі алғашқы күндері» атты іс тәжірбиеден өткен практика қорытындысы бойынша сөз сөйледі. Студенттердің практика барысында жинақталған электронды портфолиолары қорғалды. Бірінші сыныптарда аптаның алғашқы күндерінде мектептің жаңа жағдайына баланың үйренуімен танысу және білім алушыларда кәсіптік білімділік, іскерлік дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізілген практика барысында қашықтықтан білім беру жүйесінде онлайн сабақтар өткізудің платформаларының жолдарын да игерді.