АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 8 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Дауыс қою» пәні бойынша педагог-сарапшы Абдрахманова Салтанат Таубайқызының «Итальяндық көне ариялардың орындалуының мәдениетімен танысу» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Негізгі мақсат – дауысқа арналған жаттығулар жасау, студентке барокко дәуірі музыкасы мен көне ариялар туралы мәлімет беру, берілген мәліметтерге анализ жасау және Ф.Каваллидің «Ясон» операсынан «Dolce amor bendato Dio» ариеттасын талдау, талапқа сай орындау. Үлгі сабақ әңгімелесу, репродукциялық (оқытушының көрсеткен әдістері арқылы білімін жетілдіру), қайталау әдісі (қажетті айтылатын бөліктерді нақтылау), қолжетімділік принципі (қарапайымнан күрделіге) арқылы жүзеге асты. Сондай-ақ «Learning apps» сайты ұтымды пайдаланылды. Қолжетімділік принципі – қарапайымнан күрделіге: секунда, терция, квинта, октава интервалдарын қолдана отырып, легато, стаккато штрихтармен тынысты жетілдіру үшін жаттығулар жасалды. Операның басты желісімен танысу.