Текст
2020 жылдың көктемгі демалыс кезінде студенттерді пайдалы жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, тәрбие компонентін күшейту және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірқатар жобаларын қашықтықтан іске асыруды көздеп отыр.
Білім басқармасы оқушыларды және студенттерді кітап оқуға тарту мақсатында буккроссинг бойынша «Жақсы кітап–жан азығы» атты ақпараттық постын жолдайды.