02.11.2023
2023 жылдың 1 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мағжан Жұмабаев педагогикасындағы ұлттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы колледжішілік апталықтың жоспарына сәйкес «М.Жұмабаев және мектепке дейінгі тәрбие» атты танымдық кеш өтті.
Танымдық кешке мектепке дейінгі және логопедия бөлімінің І-ІVкурс студенттері қатысты. Кеш ІІІ бөлімнен тұрды. І бөлімде баяндамалар оқылып, қатысушылар өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.
МД-31 тобының студенті Тәуке Айдана «Мағжан Жұмабаевтың педагогика мен тәрбие туралы ой-пікірі», Л-41ҚБ тобының студенті Құрманғали Ермек «Жаңа туған баланың дене тәрбиесі» және МД-41 тобының студенті Койкенова Айгул «Мағжан Жұмабаев шығармаларының халық ағарту ісіндегі орны» тақыптарында баяндама оқыды.
ІІ бөлімде М. Жұмабаевтың мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Немере мен «әжесі», «Ата, бата» өлеңдерінен шағын сахналық көріністер қойылды. Көрініске ФБ-31 тобынан Серкеш Дархан, МД-32ҚБ тобынан Усипбаева Сания, Ақеділ Қарақат, МД-31 тобынан Сәлімкерей Ақгүлім, Байпакова Диана т.б. қатысты.
ІІІ бөлімде МД-31 тобының студенттері, Серкеш Дархан, Ақеділ Қарақат М.Жұмабаевтың балаларға арналған «Қарағым», Тлеухан Аққайын «Сылдырмақ», Надырова Жұлдыз «Сұр құлын», Әбілдаева Нұрай «Бөбек тілегі» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, ал МД-41 тобының студенттері Койкенова Айгул мен Болат Аяулым өздерінің тамаша билерімен кештің сәнін келтірді.
Кеш соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы мен Республикалық әдістемелік бірлестігі жөніндегі директордың орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы туралы өз ой-пікірлері мен жаңа ақпараттарымен бөлісті.