Текст
Ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында Дүниежүзілік туризм күніне арналған "Осенний листопад" атты ашық облыстық туристік слеті өтті. Туристік слеттің мақсаты: туристік көпсайыс пен спорттық құзға шығуды дамыту және танымал ету, қатысушылардың техникалық және тактикалық шеберліктерін арттыру, облыстың мықты туристерін анықтау, студенттерді жүйелі туризммен айналысуға тарту және Ақмола облысының құрама командаларын қалыптастыру. Аталған слетқа Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің "Жұмбақтас" туризм клубы қатысып, жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Хамзин Елебек Советұлы. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!