Еңбек күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 20 қыркүйегінде «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты іс-шарасына байланысты Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Логопедия» бөлімдерінің І курс студенттері Көкшетау қаласының №15 «Әсел» балабақшасына барып, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар ардагер ұстаз, логопед маманы Төлегенова Бақыт Қазақстанқызымен кездесу өткізді. Сұхбаттасу барысында логопед мамандығының қыр-сырларын талқылап, ардагер ұстаздың еңбек жолындағы қызық-қуаныштары мен жетістіктері жайында сұрақтар қойылып, болашақ мамандарға кәсіби кеңестер берілді. І курс студенттерінің мамандыққа қызығушылықтары артып, ардагер ұстазға студенттер тарапынан ізгі тілектер мен лебіздер айтылды.