АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Шығармашыл жас маман

07.02.2020

Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда. Сол білім қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Жаңа ғасырда жаңа өмірге аяқ басқан жас мамандар, әсіресе, жас ұстаздар заман талабына сай өмір сүруге дайын болуы керек.
Колледж базасында жас мамандарды өздерінің бәсекеге қабілетті, білім беру сапасының жоғары болуына үлес қосатын маман ретінде қалыптастыру, кәсіби шеберлігі, зерттеушілік, ақпараттық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Жас маман» мектебі жұмыс жасап келеді. Жас маманның бойындағы педагогтік шеберлік – дарын, талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Осы орайда жас оқытушыларға тәжірибелі педагогтар тарапынан жыл бойы әдістемелік көмек көрсетіліп келеді. Соның нәтижесінде жас оқытушылар кәсіби жағынан жетіліп, өз жемістерін көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы А.Көке ДМ-21 тобында «Тренажер залында жұмысты ұйымдастыру» пәні бойынша «Ауыр атлетика» тақырыбында өткізілген сабағында студенттердің өз сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып, түрлі технологиялар мен жаттығулар арқылы педагогикалық кәсіби шеберлігін көрсете білді. Дене тәрбиесі кафедрасының жас оқытушысы Н.Айтқожанова МД-31 тобында дене тәрбиесі пәнінен «Бір мезгілде бір, екі адым жүрістерді жетілдіру» тақырыбында «Жігер» спорт қалашығында студенттерді шаңғыда жүру әдіс-тәсілдерін түрлі жаттығулар арқылы үйретіп, соңында студенттер 3 командаға бөлініп жарыс ұйымдастырылды. Н.Айтқожанова студенттердің салауаты өмір салтына деген қызығушылықтарын оята білді.
«Педагогика, психология және жеке пәндер» кафедрасының жас оқытушысы Д.Рахметулла ФБ-32 тобында Психология пәнінен «Дарынды балалардың қабілетінің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында үлгі сабақ берді. Сабақ барысында Д.Рахметулла өзінің педагогикалық кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, психология пәніне деген білім алушылардың білімін жан-жақты дамытып, студенттер тарапынан өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабақ болды. Сабақ барысында жас оқытушы түрлі әдістерді орынды және жүйелі, шебер қолданды. Өз сабағын өткізуде шығармашылық қырын таныта білді.
«Ағылшын тілі» кафедрасының жас оқытушысы А.Макатаева БМ-11 тобында «Шетел тілі» пәнінен «Modal verbs. Sport in my life The USA» тақырыбында түрлі әдіс тәсілдер арқылы шетел тілін меңгерту жолдарын көрсете білді. Түрлі аудио және видео материалдар арқылы студенттерді сабаққа баули алды. Студенттер өздігінен түрлі әдістер арқылы сөйлемдер құрап, сұрақтарға жауап берді.
«Әлеуметтік жаратылыстану пәндер» кафедрасының жас оқытушысы Ж.Сарша А-21 тобында «Анатомия» пәнінен «Ас қорыту жүйесі» тақырыбында түрлі эксперименттер мен видео материалдар, ойындар арқылы тартымды және шығармашыл сабақ өткізді. Оқытушы сабақтың мақсатына толықтай қол жеткізіп, студенттердің жақсы пікірлеріне ие болды.

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст