АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың 30 қаңтарында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жан сыры» психологиялық орталығының әлеуметтік психологы Қарагөз Мұратбекқызының ұйымдастыруымен «Абай мұрасындағы «адам, болмыс, рух» категориялары» атты семинар өтті. Семинарға педагогика және психология ғылымдарының магистрі Какабаева Динара Сериковна сынды өзге оқу орындарының білікті мамандары шақырылды. Семинарды директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Мукушева Қаракөз Серікқызы алғы сөзімен ашып, студенттер мен «Айшуақ» педагогикалық жасағының мүшелеріне, колледж оқытушылары мен сырттан шақыртылған мамандарға сәттілік тіледі. Аталмыш семинарда Абай мұраларын насихаттап қана қоймай, бүгінгі адам болмысын анықтап, болашаққа бағдар бере алатын танымдық дүние болатындығына сенім білдірді.
Бағдарлама негізінде «Айшуақ» педагогикалық жасағының тәлімгері Ақмағанбетова Ақниет «Абай өмірі» тақырыбында өз бейнеролигін таныстырды. «Кемал адам туралы түсінік» тақырыбында арнайы шақыртылған психолог маман Какабаева Динара Серікқызы баяндама оқып, студенттермен адами құндылықтарға байланысты тренинг жүргізді. Педагогикалық жасақ мүшелері Амантайқызы Нұржарқын, Додых Құндыз, Болатжан Жанерке Абай мұраларын насихаттау, зерттелу, Абайды тану мәселелеріне қатысты баяндама оқыды. Семинар соңында колледж оқытушысы Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы келген қонақтарға, студенттерге өз алғысын білдіріп, Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуде осындай семинарлардың орны ерекше екенін атап көрсетті.