АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Оқытудың белсенді әдістері – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру құралы» семинар-практикумы

20.04.2023
2023 жылғы 18 сәуір күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагог-зерттеушісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жабагинова Майра Қанапияқызы Көкшетау қаласының №6 орта мектебінде «Оқытудың белсенді әдістері – оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру құралы» семинар-практикумын өткізді. Негізгі мақсат – әлеуметтік серіктестермен озат тәжірибені бөлісу. Сондай-ақ ақпараттық қоғамда білім алушылардың зияткерлік мүмкіндіктерін күшейту, олардың әмбебап дағдыларын қалыптастыру; білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқыту сапасын арттыру; колледждің әлеуметтік серіктестерімен ынтымақтастығын нығайту сынды міндеттер басты назарға алынды. Семинар-практикумға директордың практика жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, колледж әдіскерлері Мәншүк Тұрлыбекқызы мен Меңдібаева Айжанар Нұрланқызы, «Филология» бөлімінің меңгерушісі Абиева Камила Қойшыбайқызы және № 6 және 17 орта мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, колледж түлектері қатысты. Қатысушыларға колледж директорының практика жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы құттықтау лебізін білдіріп, әлеуметтік серіктестік педагогтардың кәсіби шеберлігінің сапасын арттыруға септігін тигізетінін баса айтты. Сондай-ақ педагогикалық қызметтің негізгі бағыты оқушының танымдық қызығушылығын дамыту үшін жағдай жасау екендігін атап өтіп, семинарда сындарлы диалог пен жемісті жұмыс тіледі.
Семинарда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері түрлі әдістер мен білім беру технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті. №6 орта мектебі директорының ҒМР бойынша орынбасары Жамбаева Айгүл Мұратбекқызы оқушылармен жұмыстың жоғары нәтижесінің ішкі сыры туралы айтып, «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқуға ынталандыруды арттыру» тақырыбында баяндама қорғады. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Жаркимбекова Жанна Аманжоловна өз сөзінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану туралы сөз етсе, Баетова Әсемгүл Мұхамедсалимқызы орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігін дәлелдеді. № 17 орта мектебінің мұғалімі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутенова Ардақ Тілеуханқызы «Оқушы мектеп» жобасын іске асыру арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытудың белсенді әдістері» атты баяндамасында оқушылардың оқу құзыреттілігін арттыру тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдер өзара топтарға бөлініп, «оқу-аударма», «сөзді тап» сияқты практикалық тапсырмаларды орындады, анаграммаларды шешті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жабагинова Майра Канапьяновна өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолданатын кейбір ақпараттық платформалардың мүмкіндіктерін көрсетті. «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту» тақырыбындағы баяндамасын қорғап, қазіргі педагогтың тулбоксы туралы ақпарат берді. Оның жетекшілігімен тәрбиешілер Learning app, Worldwall, Learnis, Google Jamboard, Padlet, Miro, Twiddla және т.б. платформаларды пайдаланып тапсырмалар дайындады.
Семинар-практикум соңында Абиева Камила Қойшыбайқызы білім берудегі әлеуметтік әріптестік-жаңа заманның белгісі екенін айтты.
Айта кету керек, семинар-практикумға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Просмотров: 124


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст