АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТҮЛЕКТЕР ЛЕБІЗІ

02.02.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұстаздарына, әсіресе, өзімнің бүгінгі таңда әріптестеріме айналған информатика пәнінің ұстаздарына лебізімді білдіргім келеді. Мен осы аталған оқу орнының «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша 2016 жылғы түлегімін. Ұстаздарымның берген ақыл-кеңестерін бойыма сіңіріп келемін. Осы төрт жылда бойымда қалыптасқан оқу қабілеті мен білім қоры – бүгінгі жұмысымның жемісі деуге болады. 2017 жылдан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі №2 мектеп-лицейінде» информатика мұғалімі ретінде қызмет етемін. Жұмыс барысында менің жетістіктерім өте көп десем артық айтқаным болмас. Алған білімнің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келемін. 2017-2018 жылы оқушыларым қалалық білім турнирінде III дәрежелі дипломмен марапатталды, 2019 жылы «Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технология бойынша VI ашық чемпионатына» қатысып, III дәрежелі дипломға ие болдық. Менің жетістіктерім - бұл ұстаздарымның ерең еңбегі деп білемін. «Ұстаздан шәкірт озар» - демекші, 2020 жылы «Өрлеу Қазақстан» қоғам қоры ұйымымен Алматы қаласында өткен «Үздік жас маман» форумын бағындырып, төс белгіге ие болдым. Әлі де талай жетістікке жетем деген сөзді нық сеніммен айта аламын. Осының бәрі киелі оқу орнымнан алған білім мен дағдының арқасы деп ойлаймын. Мен колледж ұжымына алғысымды білдіремін. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз – ертеңгі жеңісті, жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады, сондықтан да сіздерге алғысым шексіз. Осы атқарып жүрген қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер.
Қазбекова Перизат Тілеужанқызы.
«Информатика» мамандығы, 2016 жылдың түлегі.
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі №2 мектеп-лицейінің информатика мұғалімі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.02.2021 16:20
Құрылған күні: 02.02.2021 16:27

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст