АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 23 ақпан күні «Bolashaq Saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндері педагогтері арасында республикалық шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті. Білім жарысына республиканың әр өңірінен іріктелген 36 педагог қатысып отыр. Кәсіби шеберлік байқауының басты мақсаты – педагогтерді кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктерін жетілдіру, әдістемелік қызметіне талдау жасап, ұстаздардың озық тәжірибесін тарату. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Рамазанов Елдос Мұратұлы ұстаз еңбегінің жауапты қазмет екендігін баса айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің мазмұн және әдіснама басқармасының басшысы Ошақбаева Гүлвира Орынтайқызы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына берілген мүмкіндіктердің зор екендігін тілге тиек етті. Республикада алғашқы рет Колледж-Университет ынтымақтастығын жүзеге асыруда қолданбалы бакалавриат жүейесінде елеулі қызмет атқарып отырған жоғары оқу орны Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректоры Жақыпова Айгүл Досжанқызы сапалы педагогтерді даярлау үшін алдымызда айқын мақсаттар тұрғандығын атап өтті. Конкурсқа қатысушыларды 18 эксперт-компатриоты бағалайды. Педагогтердің шеберлігі сыналатын байқау «Мен және қоғам», «Әдістемелік жоба», «Мультимедиялық технологиялар» және «Педагогикалық жағдай» атты 4 модульден тұрады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!