АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК – 2023» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

10.02.2023
2023 жылдың 9 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша «Кәсіби шеберлік – 2023» облыстық байқауының ашылу салтанаты өтті. Жалпы пәндер бойынша Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің география пәнінің оқытушысы Ткачук Кристина Сергеевна, Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Бейсенбай Адай, Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Кошенова Ляззат Негметжановна, Степногорск жоғары колледжінің математика пәнінің оқытушысы Нуржаксина Айдана Газизовна, Красный Яр селосы Агротехникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Нугербеков Илияс Кайратович, Көкшетау қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің математика және информатика пәнінің оқытушысы Ремеслова Наталья Петровна, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің химия және биология пәнінің оқытушысы Казакова Любовь Сергеевна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Шарипова Амина Бекбулатовна, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Усина Самал Сериковна, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ташенова Айжан Қадірбайқызы қатысты. Білім майталмандарына Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич сәттілік тілеп, ерік-жігер берді. Байқау екі кезең, 4 модульден тұрды. Теориялық кезең «Мен және қоғам», «Әдістемелік жоба» модульдерін құраса, практикалық кезеңде білікті ұстаздар «Мультимедиалық технологиялар» көрсетіп, «Педагогикалық жағдаят» шешті. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Білім көкжиегінде самғай беріңіздер!
Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст