АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

МӘЖІЛІСТІҢ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ЖАЛҒАСЫ

23.01.2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған ҚР Парламентінің мәжілісін таратып, ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Сенат сайлауынан кейін Мәжіліс пен мәслихаттардың қайта жасақталуы – заңдылық. «Осылайша елдегі конституциялық реформалар жалғасады, саяси институттар жаңарады».
Мемлекет басшысының атап өтуінше, сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді. Алдағы Мәжіліс пен маслихаттар сайлауы әділ және шынайы түрде өтеді деп сенім артамын. Жаңа қуатты Қазақстанды құруымыз үшін Мәжіліс пен мәслихаттарға, өкілетті билікке, Отанын сүйген, елі мен халқының жағдайын ойлайтын, қоғамды алға жетелейтін патриот азаматтар келуі керек! Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек.
Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады.
Пікір білдірген: тарих пәнінің оқытушысы Шытырымбекова Жұлдыз Өмірбекқызы
Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст