АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Студенттердің алғашқы педагогикалық практикасы

19.12.2019

Көкшетау қаласының № 17, 19  орта-мектеп лицейінде И-21 тобының студенттері желтоқсанның 2-нен 15-сі аралығында алғаш рет «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» атты педагогикалық практикадан  өтті. Практикадан өту барысында колледжімізден К.Шамиганова, А.Қамалиден және мектептен жауапты әдіскерлер тағайындалды. Студенттер алғашқы күндерінде мектептің материалдық базасы мен әкімшілік құрамымен, әдіскермен және өздеріне бекітілген сыныппен танысты. Екінші күндерінде мектептің еңбек тәртібіне сай сабақтарға қатысып, мерекелік іс-шараларды тиімді ұйымдастыруға ат салысты. Атап айтар болсам, Марат Гүлсім «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында 9 «а» сыныбымен, Алагузова Инкара, Аманова Аяна «Тәуелсіздікке алып келген жол», № 19 орта мектебінде Мырзахали Кербулан «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында 8 «в» сыныбымен тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар Сейілбек Нұржігіт, Қабылқай Рахат, Орал Диляра, Аманжолқызы Жанна, Жомарт Нұрсауле, Есимов Диас түрлі ашық сабақтар өткізіп, мектеп оқушыларының ыстық ықыласына бөленді. Студенттер аталмыш практикадан жақсы әсер алып, өздерінің практикалық қабілеттерін одан әрі шыңдай түсті.

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст