АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту» элективті курсының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында студенттер арасында шығарма жазудан байқау өтті. Бұл байқауға өзге ұлт өкілдері мен шетелден келген студенттер де қатысты. Қатысушылардың шығармалары жоғары көркемдік деңгейі, тақырыпты ашудағы өзектілігі, шығармашылық даралығы және шеберлігі, шығарманың көркемдік баян етілуі критерийлері бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. I орынды ФБ-11 тобының студенті Қарашолақова Аяулым, II орынды ФБ-22(ҚБ) тобының студенті Мырзағали Гүлнұр, III орынды ФБ-21 тобының студенті Мақанова Сәуле, IV орынды МД-22(ҚБ) тобының студенті Соңғыбай Алтынгүл иеленді. Жеңімпаздар дипломмен марапатталды. Сонымен қатар шығармалар «Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту» элективті курсының жинағына енді.
«Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту» элективті курсының ұйымдастыруымен өткізілген байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, студенттер арасында Тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімі мен патриоттық сезімді ояту, тәуелсіздік идеяларын дамыту.
Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтары көбейе берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!