АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 31.01-01.02 аралығында Астана қаласы гуманитарлық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім департаменті мен «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен «Педагогикалық кадрларды даярлаудағы білім беру мазмұнын жаңарту» республикалық семинары өткізілді. Семинар мақсаты – педагог мамандарды даярлауды жүзеге асырудағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізілген заманауи инновацияларды түсіндіру мен өткізу. Семинарға ТжКБ департаментінің өкілдері, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның қызметкерлері, Ы.Алтынсарин атындағы ҰАО, «Қаржы орталығы» АҚ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйысдарының директорлары мен орынбасарлары, Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының қызметкерлері қатысты.
31 қаңтар күні семинар барысында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н.Оспанова «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму перспективасы мен келешегі», салалық білім және ғылым кәсіподақтар филиалы төрағасының орынбасары А.Мукашева «Салалық кәсіподақ мүшелігінің білім және ғылым қызметкерлерінің жұмысы», Астана қаласы гуманитарлық колледж директоры Е.Нурланов «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының жобасы», Ы.Алтынсарин ҰАО, үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының директоры, п.ғ.к., доцент М.Мукатова «Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде Педагогикалық білім беру», «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мазмұнын дамыту басқармасының басшысы Ж.Далабаев «Білім беру жүйесіне кредиттік технологияларды енгізу», Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директордың оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рақымжанова «Педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриат жүйесін енгізу ерекшеліктері: мәселелері мен шешу жолдары (колледж-университет сабақтастығының жүзеге асырылуы)», М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Ахметова «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының классификаторын БХСК-ге сәйкес келтіру», Орал педагогикалық колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары М.Мукашев «Мазмұнды жаңарту аясында білім беру тәжірибесін ұйымдастыру» тақырыптарында баяндама оқылды.
Семинардың екінші күні білім беру жүйесіндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мақсатында бес секциялық жұмыс топтарының отырысы өткізілді. Секцияның қорытындысында барлық енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті тарапынан ұсыныстар айтылды.