21.11.2022
2022 жылдың 18 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Қызға қырық үйден тыйым» ерте жүктіліктің алдын алу бойынша медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға колледж медбикелері Хасенова Жұмабике Қапарқызы, Нұрғалиева Ләйлә Исламқызы мен «Клиника Панацея» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Көкшетау қаласындағы филиалының психолог маманы Аманбаев Ұлпан Сәкенқызы қатысты. Қазіргі таңда өте өзекті болған жайттардың алдын алу мәселелері көтерілді.