АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Жеті рухани қазық – жастар ұстанымы» атты еркін сұхбат алаңы

27.11.2019

2019 жылдың 27 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Республикалық ақпарат тобының мүшесі, исламтанушы, ғалым Арман Қуанышбаев, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы, Ақмола облыстық Жастар ісі секторының меңгерушісі Дәулет Қайратұлының қатысуымен «Жеті рухани қазық – жастар ұстанымы» атты еркін сұхбат алаңы өтті.

III-Республикалық имамдар форумында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы құжаты қабылданған болатын, аталмыш құжатта мұсылманның тұлға болып жетілудегі негізгі қажеттіліктері мазмұндалған. Атап айтқанда, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділетті болу сынды мәселелер. Бұл барша мұсылман баласы үшін бағыт-бағдар көрсетер, жол сілтер темірқазық һәм рухани азық болар маңызды құжат. Республикалық алқалы жиында қабылданған құжат жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасында көрсетілген 7 сипатты егемен еліміздің жастарына жеткізу үшін ұйымдастырылған рухани іс-шара студенттер үшін өте танымды дүние болды.

Сұхбат алаңы барысында колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы, колледж оқытушылары, студенттермен еркін форматта пікір алмасып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты мол ақпарат алды.

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст