АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 22 қараша күні Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жас педагогтардың II облыстық форумы өтті. Аталған форумға Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытгүл Ерғалиқызы «Педагогикалық қолдау: білім алушы сұранысы ретінде» тақырыбында шеберлік-сағатын өткізді. Нәтижеге бағытталған шеберлік-сағатында форумға қатысушы жас мамандар, колледждің белсенді түлектері шынайы лебіздерін білдірді.
Форумға педагогикалық еңбек ардагерлері, жас педагогтардың жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлер, Ақмола облысы білім беру ұйымдарының 100 жас педагогы қатысты. Педагогикалық қызмет барысында тұлғалық-бағдарлы, кәсіби өсуді дамыту, жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру, әдістемелік, ақпараттық, аналитикалық, дидактикалық сипаттағы кәсіби қиындықтарды жеңуге көмек көрсету ұйымдастырылған форумның басты мақсаты болды.