АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум

02.03.2019

     Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында мектепке дейінгі ұйымдардың оқу бағдарламаларына жаңаратылған білім беру мазмұнына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін көрсету мақсатында 2018 жылдың 19 сәуірінде Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу бағдарламаларына жаңаратылған білім беру мазмұнына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін көрсету мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум болып өтті.

Семинар-практикум колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Н.Ахаттың кіріспе сөзімен басталды.

Мектепке дейінгі педагогика және жеке пәндер әдістемесінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі С.Әмірова «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру бағдарламасының мазмұнына сай жеке пәндер әдістемелерін оқыту ерекшеліктері», №10 «Алтын бала» балабақшасының әдіскері А.Ақжанова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары», «Өрлеу БАҰО» АҚ-ның мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдістемелік бөлімінің әдіскері Ж.Жалмуханова «Біліктілікті арттыру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін даярлаудағы басты мәселелер» тақырыптарында баяндама оқыды.

№1 «Арман» балабақшасының әдіскері А.Исмагулова «Мектепке дейінгі ұйымдарда жас мамандардың қызмет ету барысында кездесетін проблемалары», №33 «Ю.Гагарин» атындағы балабақшаның меңгерушісі А.Айжарыкова «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері», «Мейірім» коррекциялық орталығының логопед-дефектологі К.Бекбулатова «Тіл дамытуда қолданылатын жаңашыл технологиялар» тақырыптарында іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-практикумға Щучинск педагогикалық колледжінен, Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінен, «Арна» колледжінен, Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінен, «Айша» балабақшасынан, «Арман» балабақшасынан мамандар мен әдіскерлер қатысып, тәжірибе алмасты.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.03.2019 12:02
Құрылған күні: 06.03.2019 14:36

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст