АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 18 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Бастауыш мектеп» бөлімінің БМ-22 ҚБ тобында жетекшісі Отарбаева Мәншүк Серікқызының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Туған елім – Қазақстан» атты кураторлық сағаты өткізілді. Негізгі мақсат – студенттерді өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар етіп тәрбиелеу, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге ұмтылдыру. Кураторлық сағат үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезекте Әнұран шырқалып, ҚР Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы мәлімет берілді. Содан соң студенттер 5 жылдан кейін өз елін қалай елестететінін және өздерін тура сол уақытта қалай көретіндерін, елі үшін қандай еңбек сіңіретіндерін сызба сурет арқылы көрсетті. Үшінші кезеңде «Сұрақ-жауап» әдісі қолданылып, студенттер өз шығармашылығындағы ел, жер туралы өлең шумақтарын оқып, ән шырқады.
Қанша ғасыр өтсе де, еліміздің бар байлығы бүгінгі жастар мен келешек ұрпаққа мәңгі мирас болып қалатынын естен шығармау керектігі айтылды. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, құшағын кеңге жайған керемет дархан далада төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді қашанда мақтаныш тұтуы қажет.