АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау – өмір талабы

07.11.2019

        2019 жылдың 31 қазан-1 қараша күндері Алматы облысы, Жаркент қаласында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай «Келешек білімге барар жолдағы ізденіс, тәжірибе және перспектива» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

    Республикалық конференцияға колледжімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы, педагогика және филология ғылымдарының магистрі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы қатысып қайтты.

   Республикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде Т.М.Жоламанова «Педагогикалық колледждерде қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында баяндама оқыды.

       Секциялық жұмыстарға атсалысып, «Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі аспектілері» тақырыбында ұйымдастырылған 2-секцияның модераторы қызметін атқарып, Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша тәжірибесімен бөлісті.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.11.2019 13:37
Құрылған күні: 09.05.2020 22:14

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст