Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Бастауыш мектеп» бөлімінің ІV курс студенттері Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде байқау практикасынан өтіп жатыр. Білім алушылар Алимжанова Аякөз бен Әшім Аружан 28 қыркүйек күні аталмыш оқу орнында «Көркем еңбек» пәнінен «Ежелгі қала» көлемді панносын жасаймыз» тақырыбында сабақ өткізді. Оқу процесіне колледж оқытушылары Азбергенова Баян Әубәкірқызы мен Амиржанова Гүлмира Қайыржанқызы қатысты. Студенттер өздерінің білімін көрсетіп, білікті педагог бола алатынын дәлелдеді. Теория мен практиканы ұштастырған білім алушылардың сабағы ұтымды әдіс-тәсілдермен, ұтқыр методикамен ерекшеленді.