Текст
11 қараша күні Шетел тілі кафедрасының оқытушысы Ш.Оспанованың ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жылдық жоспары аясында А-44 тобының студенттерімен «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты студенттерді адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарытуға бағытталды. Студенттер назарына нақыл сөздер, бейне материалдар ұсынылып, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар арқылы түрлі жағдаяттарды талдап, өз ойларын ортаға салды.