АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында 2018 жылдың 24 қазанда техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін түсіндіру, тәжірибе жүзінде көрсету, пікір алмасу мақсатында «Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік мәселелері» атты семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумда №19 орта мектебінің логопед-оқытушысы А.А.Искендирова «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру», «Инклюзивті оқыту» элективті курсының оқытушысы М.Дахан «Кәсіптік білім беру жағдайында болашақ мамандарды инклюзивті білім беруге даярлау», «Инклюзивті оқыту» элективті курсының оқытушысы Б.Б.Секенова «Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің ұйымдастырылуы», «Инклюзивті оқыту» элективті курсының оқытушысы, Монтессори-педагог С.А.Әмірова «Инклюзивті білім беруде М.Монтессори технологиясын қолданудың ерекшеліктері» тақырыптарында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті.