Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері И.А.Тиағалиевті еске алуға арналған «Баспалдақ-2019» денсаулық жолы арқылы XXIII жеңілатлетикалық жүгіру сайысы өтті. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын жарысқа салауатты өмір салтын ұстанған әуесқойлар мен кәсіби спортшылардан құралған 500 жуық адам қатысты. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жыл сайын өткізілетін аталмыш жарысқа биыл Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Дене тәрбиесі бөлімінің студенті Бақыбай Альфия 14-15 жас тобында қатысып, 2:44 нәтижесімен I орын алғаны үшін және жеңілатлетикалық жүгірудің абсолюттік біріншілігінде 2:45 нәтижесімен II орын алғаны үшін арнайы грамотамен, 70 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.