Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жыл 30 қазаны мен 1 қараша күндері Тараз қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. Ақмола облысының атынан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Еркін Досжанұлы қатысып, жүлделі 1 орын иеленді.
Жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада оқытушымыз Еркін Досжанұлы өзін білікті маман ретінде таныта алды. Еркін Досжанұлын бүгінгі жетістігімен құттықтай отырып, ұстаздық жолындағы ерең еңбектеріңіз елене берсін демекпіз!