АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ғылыми-әдістемелік және кәсібилендіру кеңесінің отырысы өтті

12.10.2019

      Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Н.Ахат  төрағалығымен 2019 жылдың 10 қазан күні колледждің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңесте кәсіби білім сапасын көтерудің педагогикалық, әдістемелік бағыттары, білімді ғылымиландыру; колледждің жарияланымдық белсенділігін арттыру; жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жетілдіру жолдары; оқытушылардың ғылыми-әдістемелік деңгейін бағалауды енгізу; дипломдық жұмыс тақырыптары талқылау, бекіту; Абайдың 175 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияның секция бағыттарын айқындау сынды мәселелер қаралды.

    Кәсіби білім сапасын көтерудің педагогикалық, әдістемелік бағыттары, білімді ғылымиландыру колледждің жарияланымдық белсенділігін арттыру мәселелері бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым баяндама жасады.

      Колледж әдіскері Г.А.Қырқаева жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жетілдіру жолдары; оқытушылардың ғылыми-әдістемелік деңгейін бағалауды енгізу мәселелері бойынша сөз сөйледі.

     Колледж директорының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен кафедра жетекшілері қатысып, жоғарыдағы мәселелер бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді. Соның негізінде барлық мәселер бойынша келісілген шешімдер қабылданды

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст