АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘЖІРИБЕ – ҮЗДІК ҰСТАЗ

12.10.2019

    Колледж қабырғасында алған теориялық білімін тәжірибеден өту арқылы пысықтау -  болашақ маман үшін басты талап екендігі белгілі. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде студенттердің  толық тәжірибеден өтуіне барлық жағдай жасалып отыр. Соның бірі - әлеуметтік серіктестермен жүргізіліп жатқан жұмыс түрлері. Ағымдағы жылы болашақ ұстаздардың сіңірген теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдануы үшін колледж әр білім алушыны 100 пайыз тәжірибе орындарымен қамтып отыр. 2019-2020 оқу жылына улеуметтік серіктестеріміз ұсынған тәжірибе орындары арқылы студенттеріміз өз мамандықтарына сәйкес біліктілікті бойларына сіңіре түседі. Мәселен, колледжіміздің  0111013 - «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығының студенттері ағымдағы жылдың 02 қыркүйегі мен 26 қазан аралығында қала мектептерінде педагогикалық тәжірибеден өтіп ұстаздық мамандығының қыр-сырымен толығырақ таныса түсуде.

    Студенттеріміз өздеріне берілген сыныптарға қазақ тілі, қазақ әдебиетінен сабақ беріп, сол сыныпта сынып жетекшілік қызметін атқарды. Мектеп құжаттарын толтыру, ата-анамен жұмыс жүргізу, сабақ жоспарын құру, сабақ үрдісін ұйымдастыру, ұжымдық қарым-қатынас секілді жұмыс түрлерімен де жіті танысты. Тәжірибе соңына қарай машықтанушылар алған білімдері мен біліктіліктерін көрсету мақсатында жоспарда бекітілген тақырыптар аясында ашық сабақтар өткізді.  Атап айтсақ, Көкшетау қаласының №2 мектебінде тәжірибеден өтуші ФБ-43 тобының студенттері Жанболат Ерген қазақ тілі пәнінен 8 «Ә» сыныбында «Қазақтың киіз үйі», Мурсалим Аягүл 9 «Ә» сыныбында «Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер», Мерген Гүлжан «Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Тілек»    тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді.  Тәжірибе жетекшісі, колледжіміздің қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Серкешбаева ашық сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп бағалады. Көкшетау қаласының №16 мектебінде тәжірибеден өтуші «Филология» бөлімінің 4 курс студенті Нұрлан Рина 9 «А» сыныбында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өзіндік жұмысының жүргізілу барысы» тақырыбында сабақ өткізді. Колледж тарапынан бекітілген  қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.С.Рахимова сабаққа қатысып студенттің толыққанды дайындықпен келгендігін атап көрсетті. Осындай тәжірибелердің арқасында қоғамдық сұранысқа ие, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярланары сөзсіз.  

 

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст