АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2021 жылдың 11 қаңтар күні ІV курс студенттеріне дипломалды практиканың мақсат, міндеттерімен таныстыру мақсатында практика әдіскерлеріне директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, практика әдіскері Ш.Жұматаева ZOOM платформасы бойынша жиналыс өткізді. Әр машықкердің практика кезінде күнделік, сабақ жоспарлары, үлгі сабақ, ауылдық мектептерде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша құжаттарды тапсыру керектігі жайлы ақпарат берілді. Практика кезінде «СOVID-19» дертін жұқтыру қаупін сақтандыру үшін қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Ауыл мектептерінде қызмет атқаратын колледж түлектері туралы мәлімет алу тапсырылды. Студенттерге жолдама, күнделік-есеп таратылып, құжаттарды толтыру жүйесі түсіндірілді. Жиналысқа әдіскерлер қатысты. Практика кезінде студенттердің белсенді қатысуы бойынша қадағалау ескертілді.